Көлікті сатып алу келісімшартын egov порталында жасаудың тиімділігі көп

494

Автокөліктерді онлайн режимде тіркеу қызметі іске қосылғалы түркістандық жүргізушілердің жұмысы жеңілдеген. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Оған қоса Ішкі істер министрлігі ел ішінде жүрген көліктердің агрегаттарын тексеру шарасын алып тастаған болатын.

Қазір көлікті сатып алу келісімшартын электронды үкімет порталында жасай беруге рұқсат. «Бұл пилоттық жоба азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесін азайтты» дейді мамандар.

Дәулет Дүйсенбеков, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы: «Бұл пилоттық жобаны қолдану үшін egov порталына сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп айыппұлдар мен салық төлемдерін техникалық жағдайын тексеруге сұраныс жолдау керек. Көлікті сатып алушы екі жақты келісімшарт негізінде темір тұлпарды өз атына тіркей алады».

Әйгерім Айтмұхамбетова