Кентау қаласында төрт бірдей нысан пайдалануға берілді

694

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Кентау қаласында төрт бірдей нысанның лентасы қиылды, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ең алдымен қаладағы Дулатовкөшесінде орын тепкен жүзу бассейнінің ашылу салтанаты болды. Шараға қала әкімі Ә.Мақұлбаев бастаған зиялы қауым өкілдері қатысып, қала тұрғындарын Астанананың 20 жылдық мерекесімен құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Бүгінгі таңға бассейн жазғы уақытта қолдануға толығымен дайын, және нысанда құрғақ жүзу спорт залы «Ангар» 100% жұмыс атқарылуда, спорттың көптеген түрлерінен үйірмелер жұмыс жасауда. Нысан бойынша барлық құрылғыларды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, нәтижесінде бассейн стандартқа сәйкес қатқыл тазарту сүзгісі, жарықтандыратын сүзгі,сорғы агрегат, ілмекті- реттеуші арматура, құбыр желісі, суды реттеуші қызметіне ие, сапалы Astrlpool Испания Vesubio сүзгілері орнатылды.

Нысанның әкімшілік ғимаратында 44  душ бөлмелері жұмыс жасауда және жаз мезгілінде душтағы суды жылыту үшін үнемді  қазандық іске қосылған, сонымен қатар нысанның түнгі уақытта толлыққанды жұмыс жасауы үшін жарықтар  және бейне-бақылау камераларымен жабдықталған. Жоба бойынша нысанның электр желісінде қиындықтар туындамасы үшін бөлек трансформатор іске қосылған.

Екінші болып лентасы қиылған нысан екі бірдей сүт қабылдау бекеттері. Олар «Құсшы Ата» мен «Исмет ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің модульдік сүт қабылдау бекеттері. Сүт бекеттерінің жалпы құны 5 млн тенге. Әр қайсысындағы өнім сыйымдылығы 2000 литрді құрайды. Бүгінде жалпы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінде 77 адам мүшелік етеді.

Айбарлы Астананың мерекесіне орай Кентау қаласы Сейфуллин және Яссауи даңғылдарының қиылысында Астананың 20 жылдығына арналған белгі орнатылды. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Астана жайында айтылған дана сөздері жазылған. Ортасында айшықты Астананың бәйтерегі бейнеленген. «Астана — терең тарихтан тамыр тартқан даңқты өткенімізді бүкіл әлем таңдай қаққан бүгінгі биіктерімізбен және жаһандық нарықта бәсекелік қабілеті жоғары, Мәңгілік Ел болар кемел келешегімізбен жалғайтын Елдігіміздің алтын арқауы. Осындай айтулы күнге арнайы лентасы қиылған нысандар ел игілігіне беріліп, мерекелік тарту болды.