Кентау қаласында жылу маусымына дайындық қарқын алған. Көпқабатты үйлерде бүгінде сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Былтырғы жылу беру маусымында «Кентаусервис» мекемесімен халыққа және бюджеттік, коммерциялық нысандарға 669 млн. теңгеге жылу берілген.
Тұтынған жылудың 94 пайызы бүгінде жиналып, қалған 40- 45 млн.-дай теңге өтелуде. «Кентау сервис» мекемесімен 24,5 тонна көмірге тапсырыс жасалған. Қатты отын 1-ші қыркүйектен бастап тасымалданатын болады. Кентау шаһарында көпқабатты үйлердің саны 334, бюджеттік мекемелер 102 және 374 коммерциялық құрылымдар орталықтандырылған жүйеден жылу алады.
Әбдібақыт Мақұлбаев, Кентау қаласының әкімі: «Жылу орталығы станциясында дайындық 51 пайызға жетті. Жылу паспортын 1 — қазанда жылуға дайын болғанда, энергетика министрлігінен аламыз. Қарыз бар, қиыншылықтар былтыр болған. Электр энергиясын өндіретін турбина істемей қалған да болатын. Қазір барлығы бақылауда».