Ағымдағы жылдың 26 шілдесі күні Кентау ҚІІБ –не, Кентау – Түркістан тас жолының бойында ЖКО орын алғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен полицейлердің анықтағаны, «Ауди» автокөлігінің 1975жылғы жүргізушісі рөліне басқара алмай қарсы бағытқа шығып, Кентау – Түркістан бағытына қарай келе жатқан 1987 жылғы азаматтың басқаруындағы жолаушылар тасымалдайтын «Газель» автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болған.
Ал «Газель» автокөлінің ішінде болған 7 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімен ҚР ҚК – нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп –тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы