Темірлан тас жолы бойында жол апаты тіркелді. Соққы қатты болса керек, көліктің бірі мемлекеттің мүлкін бүлдірді. Куәгерлердің айтуынша, «Нексия» көлігі «Ниссан» автокөлігін келіп соққан. Салдарынан екіншісі рөлге ие бола алмай, қоршауды құлатқан.
Абырой болғанда оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиғаға кімнің кінәлі екенін тәртіп сақшылары анықтайтын болады. Бір бегілісі, мемлекеттің мүлкіне залал келтіргені қомақты айыппұл төлейді.