Күндізгі сағат 13:27-де 101 пультіне қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққандығы туралы хабар түскен. Өрт оқиғасы «Сәуле» шағынауданындағы Жаңа құрылыс көшесінде тіркелген. Моншадан шыққан қызыл жалын жапсарлас салынған қораға ауып кеткен. Тілсіз жау 40 шаршы метрді құраған аумаққа жайылған.

Оқиға орын алған жерге ТЖД 3 техникасымен 13 маманы шұғыл түрде жұмылдырылған. Мұнда киім кешекпен, тұрмыстық техникалар жанып кеткен. Онымен қоса үйдің ішінде 25 литрлік газ балоны болған. Құтқарушылар газ балонды тез арада қауіпсіз жерге алып шықты.

Өрт жарты сағатта толығымен сөндірілді. Алайда 39 жастағы үй иесінің денесін күйік шалған. Дәрігерлер оны лезде ауруханаға алып кетті. Ал, төтеншеліктер өрттің шығу себебін анықтауда.