«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс 34 конференциясы болып өтті. Конференцияның жұмысына Бас партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты. Аудандық партия ұйымдарынан сайланған делегаттардың қарауына үш мәселе ұсынылды.

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасын сайлау, Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жергілікті жерлерде асырылуын талқылау. Үшінші болып, қалалық филиалдың Саяси Кеңесі мен тексеру-бақылау комиссиясының құрамдарын бекіту жүктелді. Әрбір талқыланған мәселе бойынша нұротандықтар ауызбіршілік танытып, маңызды шешімдер қабылдады. Ең бастысы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының басшысы болып Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сайланды.

Шынар Оразова