«Нұр Отаннан» партиясынан көмек сұрайтындар көп

131
Қоғамдық қабылдау кезеңі

Қайнарбұлақ ауылдық округі Әсіл ауылының тұрғыны Құрманбай Тартуов жер мәселесіне қатысты келіпті. Ақсақал Сайрам аудандық жер кадастры бөліміндегілерге өкпелі. Заң шеңберінде үлестірілген жер теліміне бүгінде 3 қожайын бары анықталған.

Құрманбай Тартуов, Сайрам ауданының тұрғыны: «Үлесітірілген жерімді  пайдаланып жүрмін. Жақында енді ол жеріме 3 кадастр нөмірі барын білдім. Ол қалай болғаны, маған жерімнің кадастрлық нөмірін туралап беріңдер».

Мән- жайды жіті талқылаған көшбасшы партияның өкілдері мен арнайы шақыртылған сала мамандары сотқа жүгінуге кеңес берді. Нүктесін де құзырлы орган өкілдері қояды.

Нұрмахан Жолдасов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары

Нұрмахан Жолдасов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Мына маманмен бірге сіз енді барлығын анықтап алыңыз, жер телімін шекарасын. Сосын келіспейтін болсаңыз, сотқа жүгініңіз. Өйткені, уақтысында жер теліміне құжаттарды рәсімдемесеңіз болмайды. Кейін біреуге үлестірілісе, ол азамат барлық құжаттарын жасап алады».

Ал қабылдауға келгендердің келесі тобы газ берушілердің заңсыздығын айтып шағымданды. Айтуларынша, тұтынған көгілдір отынға негізсіз айыппұл салынған. Монополистердің бұл қылығы шектен шыққанына шағымданушылар халық қалаулыларынан көмек сұрады. Жергілікті қадағалаушы орган айтылған мәселені тексеруге уәде берді.