Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданып, онда бейтаныс азаматша несие шығарып беремін деп алаяқтық жолмен ақшаларын алып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушілердің бірі арызданғандай, алаяқ өзіне ауылшаруашлық мекемесінен алты пайызбен кепілсіз 16 млн. теңге несие шығарып беремін деп, қолма-қол 250 мың теңгесін алып, алдап кеткен, деп хабарлайды Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз жүрген Астана қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың 5 жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығынның көлемі 2 миллион теңгеден астам болып отыр.
Аталған жайт бойынша алаяқтық бабымен полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.