Облыс әкімдігі мен басқармалар Түркістанға күзде көшуді бастайды

723
Облыс мәслихатының кезектен тыс 27-ші сессиясы Шымкентте өтті

Шымкентте өткен облыс мәслихатының кезектен тыс 27-ші сессиясында Түркістанға алғашқы болып қоғамдық ұйымдар көшетіні белгілі болды. Көшті облыс мәслихатының корпусы  бастайды. Шілде мен тамыз айына жоспарланған қоныс аударудың келесі легін облыс әкімдігіне қарасты басқармалар жалғастырады.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістанға көшу жөнінде тапсырма берді

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі: «Облыс әкімдігі және басқармалар кыркүйек айында  көшуді бастаймыз. Тұратын жатақханалар мен үйлерді барлығын көріп шықтық. Тұрғын үй жетіспейтіні рас. Күзде бас жоспар бекітіледі, сосын үйлер салынады. Астанада осыдан 20 жыл бұрын көшірілген еді. Тәжірибе бар».

Республикаға қарайтын департаменттерге де кеңселер мен жайғасатын тұрғын үйлер қарастырылуда. Сессияда қаралған тағы бір маңызды мәселе- Түркістан облысының Жетісай, Мақтарал, Келес, Сарыағаш аудандарының шекарасы бекітілді.

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі: «Сарыағаш ауданының шекарасы 417 074 гектарды, Келес ауданының аумағы 345 129, Жетісай ауданының аумағы 104 634,19 гектар, Мақтарал ауданының аумағы 80763,81 гектар болып белгіленді. Бұл өңірдің өрлеуіне үлес қосатын аса маңызды шешім».

Түркістан облыстық мәслихатының Әдеп жөніндегі комиссиясы қайта жұмысын бастайтын болды. 7 адамнан құралған комиссияның төрағасы болып Қайрат Сапарбаев сайланды. Тағы бір құрылымның басшысы белгілі болды. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қуанышбек Сапарбеков болды.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болып Қуанышбек Сапарбеков тағайындалды

Айта кететін жәйт, алдыңғы сессия Түркістанда болған еді. Енді кезекті сессиялар облыс орталығы Түркістанда өтеді деп жоспарлануда.