2018 жылдың 11 шілдесі күні облыстық ІІД ҰҚҚКБ-ның қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек стол барысында түрлі салада белсенді жұмыс істеп жүрген бизнес өкілдері өздерін толғандыратын мәселелер жайында айтып, оларды бірлесе шешу жолдарын ақылдасты.
Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Жәнібеков Абай бүгінгі таңда өзекті болып отырған бопсалау бойынша, ал ҰҚҚКБ жедел уәкілі полиция капитаны Ордабаев Аслан адам саудасы туралы баяндама жасап, полиция қызметкерлері тарапынан атқарылған іс-шаралар туралы атап өтті.
Кәсіпкерлер өзара диалог барысында ұйымдастырушыларға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, қажетті жауаптар алды. Олар атыс қаруын қалай алуға, қолдануға және сақтауға болатынын, малды автокөлікпен тасымалдауға қатысты, ауылшаруашылық техникасын құжаттандыруға байланысты, көшеге бейнебақылау камераларын орнатудың тиімділігі және тағы да басқа жағдайларға байланысты сауалдар қойып, нақты жауаптар алды. Полиция қызметкерлері кейбір мәселелер бойынша ұсыныс-тілектерді облыстық деңгейге жеткізіп, олардың қаралуына ықпал етуге уәде етті.
Полиция еліміздегі бизнестің кедергісіз дамуына тежейтін кез-келген жасанды жөнсіз кедергілерді болдырмау және кәсіпкерлікке жағдай жасау мақсатында өз құзіреті шегінде батыл шараларды қолға алатын болады.
Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы