Облыстық кәсіподақ азық-түлік таратты

425

Облыстық кәсіподақ әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Ұн, күнбағыс майы, макарон, қарақұмық жармасы, шай және басқа да өнім түрлерінен тұратын азық-түліктің жалпы салмағы 400 келіні құрайды.

Мұндай әлеуметтік қолдау жалпы саны 100 адамды құрайтын 20 отбасыға көрсетілді. Олардың арасында көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар бар.

— Акцияның мақсаты – көп балалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық жағдайына қолдау көрсету. Себебі қай кезде болмасын қайырымдылық танытып, көмек қолын созу аса маңызды. Бүгінгі акциямыз Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Келесі жолы қолдауға мұқтаж басқа да отбасыларды қамтуға тырысамыз,-деп атап өтті облыстық кәсіподақ төрағасы Берік Бекжанов.

Айта кетейік, облыстық кәсіподақ жанында әлеуметтік орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңға дейін мыңға жуық адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.