Полицейдің киімін жыртып, жетонын сындырды

171

Шымкент қаласында бір топ азаматтар полиция қызметкерінің жағасынан алып, киімін жыртты. Оқиға демалыс орнындарының бірінде болған. Мұнда екі топ жігіттер арасында жанжал туындаған. Тәртіп сақшылары демалып отырған азаматтардың арасындағы дауды басу мақсатында араға түскен.

Пагондыларды мойынсынбаған топ жігіттер оларға қарсылық танытып, алысқан көрінеді. Сөйтіп оқиға орнынан тайып тұрған. Жол-патрульдік полциясы қызметкерлері құқықбұзушының соңынан еріп, Бақсай көшесіне дейін келеді. Үйіне қамалып отырған азаматты тәртіп сақшылары әріптестерінің көмегімен сыртқа шығарып алды. Оқиға басына Абай ауданының тергеу тобы шақыртылды.


Қоғамдық орында тәртіп сақтамаған азаматты полиция қызметкерлері облыстық наркологиялық орталығына жеткізді. Ондағы нарколог дәрігер оның орта дәрежелі спирттік ішімдік ішкендігін растады. Құқықбұзушы Абай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.