Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары конго-қырым қанды безгегінен сақтанудың жолдарын қарастырып, одан қорғанудың тәсілдерін халық арасында насихаттау жұмыстарын Шымкент қаласының мал базарында жүргізді.

Іс шараның мақсаты Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, тұрғындардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру.

Іс шара барысында түрлі сұрақтарға мамандардан жауап алып, әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен көңіл бөлуі керектігіне көз жеткізді. Іс шараға 300-ге жуық адам қатысты.

Молдабаева Айжан, облыстық салалуатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі:  «Жаз мезгілі — кенеден келетін қырым безгегі күшейетін кезең. Жұқпалы дерт қатарына енетін кененің шығуы ірілі-ұсақты малдар мен қатар адамзат баласына да төндірер қаупі орасан. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары конго-қырым қанды безгегінен сақтанудың жолдарын қарастырып, одан қорғанудың тәсілдерін халық арасында насихаттау жұмыстарын Шымкент қаласының мал базарында жүргізді. Сақтық қатерді сейілтеді. Алдағы уақыттарда да тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жұмыстар жалғасын табады».