Сарыағашта зорланды делінген 7 жасар баланың ісі не болып жатыр?

482
sputniknews.kz

Аружан Сайынның айтуынша, іс жабылмаған, тергеу жүріп жатыр
Қоғам белсендісі Аружан Сайын Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында зорланды деген 7 жасар баланың ісіне қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды  sputniknews.kz.

Оның айтуынша, іс жабылмаған, тергеу жалғасып жатыр. Бүлдіршін анасымен бірге Алматыдағы аналар үйінде. «Біздің команда ана мен балаға баспана, тамақтану, денсаулық, репетитор мәселелері бойынша көмектесіп жатыр. Көлік шығыны мен басқа да тұмыстық мәселелерде қол ұшын созуда. Құрманғазы Мүсір Абай ауылынан баланың әжесімен бірге жүретін адвокат іздеп жатыр, бірақ әзірге ешім табылған жоқ», — деп жазды Саин инстаграмдағы парақшасында.
Қоғам белсендісі іс жабық режимде жүріп жатқанын атап өтті.

«Адвокат пен баланың анасы ақпарат жарияламау туралы қолхат жазған, сондықтан ештеңе айта алмайды. Тергеуші менің қоңырауларыма жауап бермейді. Бірақ, мен бас кезінде одан басшылығына брифинг немесе баспасөз мәслихаттарын өткізу қажеттігін жеткізуді өтінген едім. Өйткені қазақстандықтардың дені баланың тағдырына алаңдап отыр, халыққа құрмет көрсетіп, оларды құлақтандырып отыру керек. Тым болмаса, баланың құқығын қорғау бойынша дер кезінде шара қабылдамаған, пойыздан түсіріп жіберген адамдарға қатысты тергеу жайында хабардар ету керек», — деп санайды ол.