Шілде айының 3-і күні сағат 12:20 – да төтеншеліктерге суыт хабар келіп түскен. Хабарламада Шардара елді мекеніндегі Қызылқұм каналына 5 жасар баланың суға батып кеткендігі айтылған. Оқиға орнына ТЖД 1 техникасымен 6 сүңгіруші жұмылдырылды. Төтеншеліктер бір сағаттың ішінде  судан баланың мәйітін тауып, алып шықты.

Алдын ала болжам бойынша бала суға үлкендердің қадағалауынсыз түскен. Жыл басынан бері облыс аумағында тіркелген 16-шы оқиға. Суға батып 17 адам қайтыс болса, оның ішіндегі 11-і кәмелет жасқа толмағандар.