Сарыағаш аудандық сотының үкімімен Өзбекстан Республикасының азаматы 33 жасар М.А. ірі мөлшердегі есірткі құралын сату мақсатынсыз заңсыз иемденіп сақтағаны, тасымалдағаны және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз алып өткені үшін кінәлі деп танылған, деп хабарлайды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Есірткінің салмағы 16 граммнан асады, яғни, ірі мөлшердегі «гашиш». Оны Сарыағаш ауданындағы «Қазығұрт» кеден бекеті арқылы алып өтпек болған.
Соттың үкімімен М.А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 286-бабының 2-бөлігі 5-тармағымен және 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан ратификациялаған «Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» БҰҰ Конвенциясының ережелері назарға алынып, оған осы баптармен түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталған адамнан мемлекет пайдасына процестік шығындары өндірілді.