Шетелге шығатындар Туркод алуы тиіс

176

«Туристік Қамқор» Корпоративті Қоры қазақстандықтардың шетелде қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуге қамқорлық жасайды. Сол себептен де шетелге барып демалу үшін жолдамаларды сенімді туроператорлардан, яғни азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің мүшелерінен сатып алуға кеңес береді.

Шетелге шықпас бұрын алдымен өзіңіз тоқтайтын қонақ үй бронын, елге кері қайту билеті мен ТУРКОД-ты тексеріп алғаныңыз абзал. Бұл туралы «Туристік Қамқор» Корпоративті Қорының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде 24 сағаттың ішінде көмек күтуге құқылы.
Туркод жеке парақпен немесе жолдамаға жазылып берілуі мүмкін. Олай болмаған жағдайда туроператордың қызметі заңсыз деп танылады және сіз олардың қызметіне күмәнмен қарап, бірден бас тартуға құқылысыз.

Келеңсіз жағдайға тап бола қалған жағдайда, ТУРКОД сіздің ең жақын уақыттағы рейспен елге аман-есен оралуыңыздың кепілі. «Туристік Қамқор» корпоративтік қорына әзірше 56 туроператор мүшелікке енген. Олар саяхатшылардың қауіпсіздігіне толық кепілдік береді. Олардың толық тізімімен төменде көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады:

http://www.fondkamkor.kz/Voucher/partner/packets/tour/search_operator http://www.fondkamkor.kz/Voucher/partner/packets/tour/search_operator/1
Қазақстанда 2016 жылдың аяғында заңнамалық деңгейде Қазақстан Республикасындағы шетелге шығу туризмі аясында азаматтардың құқықтарына кепілдік беретін «Туристік Қамқор» жүйесі енгізілді.

Қордың бүкіл жұмыс істеген уақытында 460 мыңнан астам қазақстандықтарға туркод берілді.