Ағымдағы жылдың 18-20 шілде аралағында Түркістан облысында облыстық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.
Аталған шараның мақсаты, көші-қон заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету, облыс аумағында заңсыз қызмет жасап жатқандарды, көші-қон заңнамасы саласындағы құқықбұзушылық пен қылмыстарды анықтау және жолын кесу болып табылады.
«Мигрант» жедел алдын алу шарасының тәулігінде полицейлер ҚР көші-қон заңдылығын бұзған 903 азаматты анықтаған. Соның ішінде 778-і шетел азаматтары болса 125-і Қазақстан Республикасының азаматтары.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Түркістан облыстық ІІД-нің қабылдап – бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 84 адамды орналастырып, 127 шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін қысқартты.
Ал, шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 87, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 38 ҚР азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.
Іс-шара барысында елден аластату туралы сот шешімін орындамаудың 7 дерегі анықталып, қылмыстық істер қозғалды.