Шымкентте автобөлшектер сататын ірі базар қоршауға алынды

481

Бүгін таңертең Шымкент қаласындағы ірі автобөлшек сататын базар қоршауға алынды. «Тұлпар-2030» базарын жергілікті полиция қызметкерлері сағат оннан бастап жауып тастады. Куәгерлердің айтуынша, полицейлер автобөлшектердің құжаттарын тексерген.

Базар сатушыларына ҚР ҚК — нің 196 бабы, яғни, ұрлықы затты сату бабы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Қалада тұрақты тіркеуде тұрмағандарды Шымкент қ Абай аудандық ІІБ -не алып кеткен. Тәртіп сақшылары бұл шараны қылмыстың алдын алу мақсатында өткізіп жатыр екен.

Базар сатушылары ұрлықы затты сатудың қылмыстық жауапкершілігі бар екендігін баяндайтын жазбаша ескерту алды. Алдын ала болжам бойынша, Абай аудандық ІІБ 60 адамды ұстаған. Тексерген соң қайта жіберіледі дейді полицейлер. Негізгі мақсат, іздеуде жүргендерді құрықтау.