Бұл тетік баспаналарды күтіп ұстауға ғана емес, тұрғындардың да шығындарын азайтуға септігі мол. Қазақстан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғырту орталығының мамандары осылай дейді. Бүгін орталық өкілдері жергілікті үй басқараушыларына осы жүйенің қыр-сырын үйретті.

Көпқабатты тұрғын үйдің кейпі жергілікті тұрғындардың ауызбіршілігін білдірсе керек-ті. Олай дейтініміз, жыл сайын пәтерін жөндеуден өткізетін кей тұрғындар үйдің шатыры, жер төлесі сияқты бөлінбейтін ортақ мүліктерді күтіп ұстауға келгенде ортақ мәміле жасай бермейді дейді мамандар.

Пәтер иелерінің кооперативі — меншік иесі емес, ол тұрғындарға қызмет көрсететін менеджер дейді Әбдімәлік Балбаұлы. Даму бағдарламасының өкілі кооператив бұл қызметке жертөлелерді, дәліздерді тазалау, жарықтандыру, көпқабатты үй аумағының тазалығы мен кіреберіс есіктердің жағдайын бақылау секілді жұмыстар кіреді. Бұл тетік тұрғындарға үнемдеуді де үйретеді.

Осыдан оншақты жыл бұрын Шымкентте жүзден аса пәтер иелерінің кооперативі құрылғаны есте. Қазір солардың оншақтысы ғана қалған. Себебі, өз-өзін ақтамаған баспаналарды басқару тетігі аяқсыз қалды. Шыны керек, елімізде көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау жүйесі әлі күнге дейін жүйеленбей келеді. Әр 5 жылда ағымдағы, 15-20 жылда күрделі жөндеуден баспаналардың тоз-тозы шығып жатқаны да сондықтан дейді мамандар. Үй басқарушылары жаңа жүйе іске қосылса, ең алдымен сервитік қызмет жолға қойылар еді деп үміттенеді.

“Ақылды” тетікпен биылдан бастан 21 үй басқарылады деп күтілуде. Қазір жауаптылар баспаналарды іріктеу үстінде. Жүйе жемісті болуы үшін бұл тәртіппен алдымен үй басқарушылары етене танысып алуы тиіс екені бесенеден белгілі. Алайда, тың тетік түсіндірілген шараға олардың саусақпен санарлығы ғана келді. Семинар 5 күнге жалғасады.

Мақпал Рысбаева