Шымкент қаласының өзінің аймақтық даму институты болады. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов 5 шілде күні әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) түріндегі аймақтық даму институтын құру туралы шешім қабылдады. Ол институт толығымен қала әкімдігіне қарасты болмақ.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» № 413-IV Заңына сәйкес аймақтық даму институты облыс, республикалық дәрежедегі қала, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылып, оның акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі болады. Бұл құрылым аймақтың экономикасының дамуына көмектеседі.
Осылайша Шымкентте өзінің аймақтық даму институты – «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылады.