Шымкенттіктердің жылуға қарызы 90 млн. теңгеге жетті

370

Шымкенттегі көпқабатты үйлер, коммерциялық нысандар мен бюджеттік мекемелерді жылумен қамтыған «Қуатжылуорталығы» өткен маусымдағы қайтарылатын соманы есептеп те қойған. 1 шаршы метрге 12 теңге 84 тиын деп бекітілген.

Мәселен, пәтердің шаршы метрі 38-ді құраса, онда пәтер иесіне 487 теңге 90 тиын қайтарылады. 50 шаршы метр пәтерге — 642 теңге, 3 бөлмелі 80 шаршы метрлік пәтерге 127 теңге 20 тиын қайтарылады.

«Қарызды өтеу қажет», дейді Марина Хохлова

Марина Хохлова «Қуатжылуорталық 3» мекемесінің бөлім басшысы: «Бұл төлемдердің барлығы биыл қараша айындағы түбіртектерде көрсетілетін болады. 18- маусымда шыққан бұйрық бойынша Шымкентте  былтырғы жылу масымында ауа температурасы жылы болғандықтан төленген сомалар  қайта есептеліп, шаршы метріне қарай төлемдер қайтарылады. Есептеу жылу есептегіш құралдары жоқ көпқабатты үйлерге қатысты».

2017-2018 жылдарға жылу беру маусымында тұтынған жылуға есеп айырыспаған тұрғындар жетерлік. 90 млн. теңге қарыз бойынша 3 мың сот шешімі шығарылған. Қазіргі таңда сот орындаушылары мәжбүрлі түрде төлетуде. Қарыздың 30 млн. теңгесі Қаратау ауданы тұрғындарына тиесілі.

Марина Хохлова, «Қуатжылуорталық 3» мекемесінің бөлім басшысы: «Қаратау ауданы бойынша 1 844 адам тұтынған жылуға төлем жасамаған. Пәтерлерді аралап, абоненттермен жолыққанда олардың басым бөлігі мемлекеттік қызметтегі азаматтар екені анықталды. Қазір біз Әділет департаменті арқылы анықтама дайындап жатырмыз. Бізге ТҮКШ, құрылыс бөлімдері көмектесуде».

Әрине, қарызданған қаратаулықтардың ақшасы баспананың несиесін төлеуден артылмайды. Мұндай жағдайда арыз жазып төлемді шегеруге болады. Анықтама үшін телефондар 56-50-43, вацап 8 701 938 66 72 . Бөлім басшысы Марина Хохлова кеңес беруге дайын екендігін жеткізді. Маман тұрғындарға мүмкіндікті пайдаланып қарыздарды көбейтпей, мерзімінде төлеуге  шақырды.

Шынар Оразова