Созақта «Бәйтерек» монументі бой көтерді

63
Фото Elnur Munbaev

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен», «Туған жер» арнайы жобасы аясында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 1998 жылғы бітіруші түлектері Астана қаласының 20 жылдығына, Созақ ауданының 90 жылдығына орай өздері туып өскен, кіндік қаны тамған туған жерлеріне үлкен керемет ел сүйсінетін тірлік жасап, «Бәйтерек» монументін тарту етті.

Ауылдан түлеп ұшқан түлектер бұл сыйды өздерінің туған жерінің көркейіп, гүлденуі үшін жасап отыр. Игі іске ат салысуда жуантөбелік перзенттер мықты ауызбіршілік танытты. Мерекелік жиында жергілікті билік өкілдері тұрғындармен бірлесе жаңа монументтің лентасын қиды.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков өз кезегінде ауыл тұрғындарына құттықтау сөз сөйлеп, 1998 жылы бітіруші түлектерге аудан әкімінің арнайы алғыс хатын тапсырды.