Түркістан облысында тағы бір шенеунік ірі көлемде пара алу үстінде ұсталды

1302

Түркістан облысында тағы бір шенеунік ірі көлемде пара алу үстінде ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының облыстағы өкілдігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті департаментінің орынбасары Бауыржан Таштановты қылмыс үстінде ұстады.

Департамент орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Қызметін асыра пайдаланған Бауыржан Таштанов ұзақ уақыт бойы табиғи монополия субъектілеріне әкімшілік шара қолданбас үшін 1 400 000 теңге көлемінде пара алды деп айыпталды. Қазір сотқа дейін тергеу жұмыстары жүргізілуде.