Ордабасы ауданында «Нұрлы жол» және «Нұрлы Жер» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында тиянақты тірліктер жүзеге асырылуда. 2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1 мектеп және көп қабатты тұрғын үй құрылыстары мен инженерлік-коммуникация жүйелеріне жобалық сметалық құжаттама әзірленуде, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шұбарсу ауылында құрылысы 2017 жылы басталған 600 орындық «Достық» мектебі биылғы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Инфрақұрылым саласын дамыту бойынша Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде Самал-2,3 мөлтек аудандарында тұрғын үй жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сарапатамадан өтті. 1014 жеке тұрғын үй жер телімін (учаскелері) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін облыстық құрылыс басқармасына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан конкурс өткізілді. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып 2020 жылға дейін жалғасады деп күтілуде.
«Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында Бадам және Шұбар ауылдарынан көп қабатты коммуналды тұрғын үйлермен осы коммуналды тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленді. 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен жобалық сметалық құжаттамасына Шұбар, Бадам ауылдарына және инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жүргізуге қаржы қаралды.
Жалпы бір ауылға бір бөлмелі 35 шаршы метрді құрайтын — 20 пәтер, екі бөлмелі 50 шаршы метрді құрайтын — 10 пәтер және үш бөлмелі 65 шаршы метрді құрайтын 10 пәтер, жалпы 40 пәтерлі 5 қабатты 4 үй құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 214 адам бар. Ал жер телімін алу кезегінее ауданда 2825 азамат тіркелген.