Түркістанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңсесі ашылды

597
Түркістандағы А.Ясаи атындағы мешітте Қазақстан діни басқармасының кеңсесі ашылды

Бүкіл түркі жұртының темірқазығы, түркі мұсылмандығының ордасы, алты Алаштың жүрегі Түркістанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңсесі ашылды.

Өкілдіктің ашылу салтанатына қатысқан өңір басшысы орталық Түркістан өңірінің одан әрі рухани дамуына қызмет етіп, рухани астана мәртебесінің тереңдей түсуіне сүбелі үлесін қосатынын атап өтті. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы болып тағайындалды.

Өңір басшысы Түркістанда

Естеріңізге сала кетейік, Қазастан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан қаласындағы кеңсе шаһардың орталығында 2015 жылы ашылған Ахмет қожа Ясауи атындағы мешітте орналасады. Айта кететін жәйт,  жаңа үлгідегі мешітті түрік бауырларымыз салып, қазақ халқына тарту еткен. Өкілдіктің ашылуы теріс ағымдарға жол берілмей, Ислам дінін халық арасында насихаттауға мол  мүмкіндік беретінін жамағат атап өтті. Салтанатты жиынға  Кентау, Отырар, Түркістанның төңірегіндегі ауылдардың ақсақалдары  қатысты. Сондай-ақ, облысымыздағы мешіттердің имамдары жылы лебіздерін білдірді.