Тарих бетінен сыр шертетін шаһарға келушілерді әсіресе Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көбірек қызықтырады. Қуаныштысы сол, жақында ғана облыс орталығы болып бекітілген қаладағы тарихи орындарда жаңа өзгерістер болмақ.
Шетелдік туристерді Ұлы жібек жолы бойындағы көне қалалар мен сәулеттік кескіні қайталанбайтын Түркістан қаласындағы тарихи орындар көбірек қызықтырады. Мұнда келген саяхатшылар міндетті түрде Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне аялдайды. Аптап ыстыққа қарамастан, бұл жерден өзге қаладан келген туристерді кезіктіруге болады.
Түсірілім барысында байқағанымыз, тарихи орыннан саяхатшылардан бөлек зияратшыларды көп кезіктіруге болады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ниет етіп келгендер, құран бағыштап, дұға тілектерін айтады. Мамандардың сөзінше, мұнда жылына 1 миллионнан аса турист келеді. Айта кетейік, облыс орталығы болып бекітілген Түркістан қаласындағы тарихи орын да жаңартылмақ. Жақында бұл маңға келуші саяхатшылар Халықаралық маршрут ашылмақ. Осыған сәйкес, Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Бұхара бағыты бойынша туристік маршут ұйымдастырылады.
Биыл Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің құрылғанына 40 жыл толады. Осыған орай «100 аңыз» атты кітап дайындалып баспаға ұсынылды. Музейдің қорында сақталған 24 мыңнан астам жәдігерлерді электронды форматқа көшіріліп этнография, археология, нумизматика бөлімдеріне сәйкестендіріп үш үлкен альбом-кітап дайындалмақ.