25 маусым күні Түркістан облысынан Алматы облысына қарай автобуспен жолға шығып, хабарсыз кеткен Амиржан Кучаков табылды. 16 жастағы жасөспірім бүгін түстен кейін ата-анасымен қауышты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Амиржан Кучаков Алматы облысындағы Қарасай ауданының Қаскелең қаласына келіп, жоғалған. Оның ата-анасы баланың жоғалғандығы жөнінде аудандық ІІБ-ге хабарлап, бірден тәртіп сақшылары іздеуге кірісті. Амиржанның телефоны тексеріліп, оның соңғы рет қай жерде, кіммен сөйлескені анықталды. Нәтижесінде, Амиржан базарлардың бірінде өзінің жерлесін тауып, сонымен бірге Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының Амангелді ауылына қарай жолға шыққаны белгілі болды. Бала сол ауылдан табылды. Алматы облысының тәртіп сақшылары Амиржанның табылғандығы жөнінде ата-анасына хабар беріп, жасөспірімді жақындары алып кетті», деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін 16 жастағы жасөспірімнің жоғалғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз.