Телефон ұрлаумен айналысқан азаматша ұсталды

500
Kerek-info.kz

Ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні Шымкент ҚІІБ Абай ПБ – нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, қаладағы базарлардың бірінде киімінің қалтасынан ұялы телефоны қолды болғанын мәлімдеген. Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеудің біріыңғай тізіліміне ҚР ҚК – нің «ұрлық» бабымен тіркелді, деп хабарлайды Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Абай ПБ қызметкерлері жүргізген жедел – іздестіру іс – шаралары кезінде 34 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеп – тексеру жұмыстары барысында ұсталған азаматшаның телефон ұрлығының тағы да 2 жайтына қатысы бары анықталды. Ол өз қылмысын қаладағы базарлардың бірінде іске асырған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкенттік полицейлер, адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, базарларда, ойын- сауық орталықтарында, сондай- ақ қоғамдық көліктерде болған сәттерде өз заттарына өте мұқияттылықпен қарауды, сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.