Тергеу сотының төрағасы тағайындалды

1195

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотына төраға келді. ҚР Президентінің  Жарлығымен Мыңбатыров Ғалым Қанбатырұлы Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы болып тағайындалды.

Ғ.Қ.Мыңбатыров ОҚО, Сарыағаш ауданында 1973 жылы туған. 1994 жылы Әл Фараби атындағы ҚазМҰУ заңгер мамандығы бойынша оқыған. Еңбек жолын 1994 жылы Аматы қаласы Совет ауданы прокуратурасының аға тергеуші қызметінде болған.  07.1995- 10.1995 Алматы қаласы Калинин аудандық прокурорының көмекшісі, 10.1995 -01.2000 ОҚО, Төлеби ауданаралық прокуратурасы прокурорының көмекшісі, 01.2000 — 04.2004 Шымкент қаласы прокуратурасының прокуроры, 04.2004 — 12.2004 Қазығұрт аудандық прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Ғалым Қанбатырұлының сот жүйесіндегі қызметі 2004 жылы бастау алған. 12.2004 — 07.2005 Шымкент қаласының №2 сотының судьясы,  2005 -2013 ж. Шымкент қаласының Абай аудандық сотының судьясы, 2013 — 2018 Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы болған.