Тонаумен айналысқан азамат ұсталды

269

Түркістан ҚІІБ-нің кезекші бөліміне орталық ауруханасынан 30 жастағы азаматтың дене жарақатымен дәрігерлік көмек алғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары белгісіз азаматтың ұрып-соғып күш қолданып, құны 60 000 теңге тұратын ұялы телефонын және 20 000 теңгесін тартып алып кеткенін анықтады,, деп хабарлайды Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Қызылорда облысының тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған жайт Түркістан ҚІІБ-нің «тонау» бабымен СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда.