Жол көлік оқиғасы Темірлан тас жолында тіркелді. Мұнда трактор мен жеңіл автокөлік соқтығысып қалған. «Беларусь» тракторы соққысынан «Хюндай» көлігінің сол жақ тұсы опырылып қалған. Абырой болғанда жеңіл көлікте болған адамдар аман.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен полицейлер шақырылды. Жеңіл автокөлікке айтарлықтай материалдық шығын келтірілген. Бұл жол көлік оқиғасына қай жүргізушінің кінәлі екенін енді тәртіп сақшылары анықтайтын болады.