«Қазақстандағы Өзбекстан жылы» аясында «Ташкент суреттер үйінде» «Welcome to Turkestan region» атты фотокөрмесі өтті. Аталмыш шараны Туркістан облысының әкімдігі, Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Ontustik Tourism Center» Туристік ақпараттық орталығының және Ташкент қаласының әкімдігі бірлесе отырып ұйымдастырды.

Салтанатты ашылу Түркістан облысының әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков пен Өзбекстан өнер академиясының төрағасы Ақмал Нұрдың қатысуымен өтті.
Көрмеге келушілерге 16 экспозиция ұсынылды, фотосуреттерде қазақ халқының көрікті нысандары мен жерлері, әдет-ғұрыптары мен ойындары бейнеленген.