Арғынбеков көшесінде жол апаты орын алды. Мұнда «Ваз» көлігі жол жиегіне шығып кетіп, абайсызда екі азаматты қағып кеткен. Оқиға орнына зардап шеккен жандардың туысқандары келіп жетті. Жарақат алған азаматтың туыстары шу шығарып, кінәліні өздері жазаламақшы болды.
«Ваз» жүргізушісі көлікті игере алмай нәтижесінде арықтан өтіп, шыршаны опырып жіберген. Салдарынан көлік жол шетіндегі темір қоршауға барып соқтығысқан. Ал жарақат алған екі азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Алмаз Байбеков, дәрігер хирург: «Жедел түрде ауруханаға екі науқас түсті. 1999 жылғы жігітке жәрдем көрсеттік. Алайда өмірін аман сақтап қала алмадық. Ал 1998 жылғы қыздың жағдайы ауыр. Қазір медициналық жәрдем көрсеттік. Енді жан-сақтау бөлімінде».