Жаңадан құрылған 8 басқарманың қызметіне қажетті қаржылар бөлінді

466

Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті екіге бөлінді. Бюджеттің кірістері мен шығыстары 7 айға жоспарланып, қалған айдағы жоспарлы қаржылары қысқартылды. Нәтижесінде 1 қаңтар мен 17 шілде аралығындағы бюджет 92 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар, республикалық қала деңгейіндегі 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті қалыптасты. 17- шілдеден жыл соңына дейінгі бюджеттің екінші бөлігі 50 млрд. теңгені құрайтын болды. Сондай-ақ, бүгінгі сессияда депутатар жаңадан құрылған 8 басқарманың қызметін қамтамасыз етуге қажетті қаржыларды бөлді.

Бұдан бөлек, депутаттар кезектен тыс 35 сессия барысында «Бизнес Шымкент «өңірлік үйлестіру кеңесін құруға келесімдерін берді. Кәсіпкерлерді қолдау аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 300 млн. теңге бөлуді бірауыздан қолдады.

Нұрлан Күдерұлы