Жамбыл облысының аумағында жүк пойызының құрамы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» АҚ-ның баспасөөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жамбыл облысында 31 шілдеде сағат 08:05 минутта №2009 жүк пойызы Мойынты-Шығанақ учаскесінде Қашқантеңіз- Жастар өткелінде жүк вагондары рельстен шығып кетті. Вагондардың рельстен шығып кетуіне «Исткомтранс» ЖШС-на тиесілі 28-вагонының бүйір рамасы сынып кетуі себеп болған», — делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, вагондарды 2009 жылы 29 шілдеде «Азовэлектросталь» ААҚ жасап шығарған. Ол жерге Шу және Сарышаған стансаларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. Апат салдарынан 5 жолаушылар пойызы кешіктірілуде.
Қозғалыс шамамен Астана уақытымен 18:00-де ашылады. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Заңға сәйкес, барлық келтірілген шығынды жүк вагонының иесі өтейді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.