Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде жылдамдықты асыра жүргізген жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға Республика даңғылында болған. Мұнда жол ережесі талаптарына мойынсұнбаған жүргізуші арнайы жолақтан жолды кесіп өткелі жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетеді.
Оқиға түңгі сағат 2:00 шамасында тіркелген. «Рахат» аялдамасының тұсында болған жайтты бір емес, бірнеше куәгер көрген. Алайда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің көлік маркасын ешкім есте сақтап үлгермепті.
Жарақат алған жігітті жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді. Енді жүргізушіге қатысты істі тәртіп сақшылары жүргізетін болады.