“Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов:
— Ауданға жаңа әкім тағайындалғанда жұртшылық жаңа серпіліс күтеді, жуық арада қандай да бір жобалар қолға алынады ма?
— Әрине ауданымыз орталықта болғаннан кейін кәсіпкерлік нысандары да, одан басқа да көптеген ғимараттар баршлық, орталықта болғаннан кейін әрине көп нәрсе күтеді. Ең алдымен айтарым, ең үлкен бастамамыз кәсіпкерлерді қолдау. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жақында ғана форум өткіздік. Инфрақұрылым жүйесінде көптеген абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ең үлкені Қошқар ата жобасы, ескі қорған, ескі базардың маңайын абаттандыру жүргізіліп жатыр. Одан бөлек темір жол вокзалын абаттандыру жұмыстары жобасы дайындалуда.
— Әл Фараби ауданы аумағы жөнінен қаладағы ең ауқымды аудан. Әкім болып тағайындалған соң аудандағы қай бір мәселе шешімін таппақ, қай мәселемен етене таныстыңыз?
— Әрбір ауданға тағайындалған әкім ең алдымен мәселелермен танысуы қажет. Әрбір елді мекенді аралап танысып шықтым. Үй басқарушыларымен бөлек кездестім. Мәселелерді анықтадық. Орталықты айтатын болсақ, балалардың ойын алаңдар, аулаларды абаттандыру мәселесі түйінді тарқатуды қажет етеді. Ауқымды мәселе сол. Аудан аумағында 672 үй болатын болса, онда 400-ге жуық аула бар екен. Сол аулалардың 70 пайызы абаттандырылмаған. Кеңес кезінде жөнделген, одан кейін жөндеу көрмеген. Қазіргі таңда сметалық жобалар жасап жатырмыз. Дәл қазір 172 сметалық құжат дайын. Биылғы жылға 300 млн. теңге қаралып отыр. Оған конкурс өткізіп жатырмыз. Ол қаражатқа 15 ауланы абаттандырамыз. Жалпы абаттандыру кезең кезеңімен жүргізіледі.
Екінші поблеманың бірі ескі үйлер. Сығымыдау жұмыстарын жүргізу, қысқа дайындық жұмыстары, подьездерді, жертөлелерді тазалау жұмыстары қиын. Көп үйлерде басқарушы компания, КСК, сервистік қызмет мәселесі шешілмеген.
Үшінші мәселе үйлердің қасбеттерін әрлеу. Бұл жұмыс модернизациямен жүзеге асырылуы тиіс. Бірақ кейбір азаматтарда «әкімшілік істеп беруі керек» деген пікір қалыптасқан. «Пәтерімді жөндеу өзі міндетім, ал қасбеті менікі емес» деген көзқарас қалыптасқан. Қасбеті, шатыры, подьезі болсын, жертөлесі болсын ол ортақ мүлік болып табылады. Үйдің қасбетін әрлеуді бәрі бірлесіп істеуі қажет.
«Откорм» совхозында инфрақұрылым мүлде жоқ. Суы, газы дегендей. «Су арнасымен» келісіп үш жерден су ашып беру мәселесі шешілуде. Бір ай уақыт аралығында су келеді. Топосьемка жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа да мәселелер жетерлік. Бірақ негізі мәселелер осы болып тұр.
— «Қырғы базар» маңындағы жабайы сауда мәселесі біржолата шешіліді ме?
— Өздеріңізге белгілі, бұл мәселе аудан үшін де, қала үшін де оңайға соққан жоқ. Соттың шешімі негізінде жүзеге асырылды. Қазіргі таңда базардың маңайында мәселе толығымен шешілді. Сауда жасағандардың барлығына базар ішінен 150 орын тауып бердік. 3 айға дейін тегін сауда жасайды. 8 базармен меморандум түздік. 8 базар басшылары бос орындарды 3 ай мерзімге тегін ұсынып отыр. Оншақты адам «Автонұр» базарына, бір екі адам «Бекжан» базарына барды. Сол орынға үйреніп қалғандықтан басым бөлігі «Қырғы базарда» қалды.