Шымкент қалалық үстел теннисінің дамуына енді Асқар Тұрысбеков жауап беретін болады. Бүгін қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев федерацияның тізгінін Асқар Зауытбекұлына тапсырды.
Осыған дейін үстел теннисінен шымкенттіктер бір қатар жетістіктерге қол жеткізген. Республикада алдыңғы қатарда келеді. Өткен маусымда алғаш рет Қазақстан чемпионаты біздің шаһарда ұйымдастырылды. Ендігі кезекте халықаралық додаларды Шымкентте өткізуді жоспарға алып отыр.
Асқар Тұрысбеков үстел теннисінен бөлек облыстық бокс федерациясының президенті. Соңғы екі олимпиадалық кезеңде оның қолдауымен Конфедерация кубогын жерлестеріміз екі рет жеңіп алды. Әлем, Азия чемпиондары да бар. Бокстың дамуын дұрыс жолға қоя білген азамат енді үстел теннисін де дамытпақ ниетте.
Сарбиназ Алдабергенова