Шымкент қаласында құрбандық шалуға арналған 6 мал сою алаңшасы бекітіліп отыр. Әр бекетте мал сою қызметінің құны әртүрлі. Жергілікті билік өкілдері исі мұсылманның ғибадаты үшін барлық талаптарға сай келетін орындарға таңдау жасадық деп отыр.
Әл Фараби ауданы әкімдігі ұйымдастырған ұлық мерекеге арналған жиында дін өкілдері құрбандық шалудың талаптарын түсіндірді. Қазір әкімдіктегілер шалынған құрбандықтарды тарату үшін мұқтаж отбасылардың тізімін жасақтауда. Салаға жауаптылар алаңшаларда құрбандыққа шалынатын малдарды тексеретін мал дәрігерлері де бекітіліп отыр деп сендіреді.
Төрәлі Жұбанов, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы: «Малдардың сырғасы, құжаттары тексеріледі. Қайдан алынған, денсаулығы қалай, етінің жарамдылығы жан-жақты тексеріледі. Мамандар бекітіліп қойған».
Мақпал Рысбаева