Құрылыс бөлімінің басшысы 12 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр

394
Фото sputniknews.kz

Түркістан облысында Сайрам ауданы әкімдігі құрылыс бөлімі басшысының қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинге сілтеме жасап.

Құрылыс бөлімінің басшысы ЖШС өкілінен 12 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр.

«Күдікті Сайрам ауданы Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусының құрылысына жалпы сомасы 400,5 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағаны үшін делдалдар арқылы бөліп-бөліп ақша алып отырған», — деді Жахин.

Қылмыс үстінде ұсталған шенеунік қазір қамауда. Сондай-ақ, делдалдарға қатысты да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.