Қала мектептері қатты отынмен қамтылуда

449

Қалалық білім басқармасы алдағы жылыту маусымына қызу дайындық үстінде. Қала әкімінің тапсырмасына сай бірінші қыркүйекке дейін қажетті қатты және сұйық отынды тасымалдап алулары тиіс.

Сала мамандарының айтуынша Шымкент қаласында 227 білім мекемесі бар, соның 99-ы орталықтандырылға жылу жүйесінен жылытылады 128 -інде жеке қазандық бар. 108 мектеп газбен, 3 мектеп сүйық отын пайдаланады. Қатты отын қажет 17 мекемеге 2 мың тона көмір жеткізіліпті. Жаңа оқу жылына дейін әлі 3 мың тона көмір тасымалданады екен. Қала әкімі жауапты мамандарға қысқа дайындықты және бір пысықтауға тапсырма берді .

1200 орындық №125 мектеп өткен жылы қолданысқа берілді. Алғашқы қыста білім мекемесіне бөлінген 400 тона көмір аздық етіп қосымша отын алуға мәжбүр болыпты. Өткен жылғы қателікті ескеріп биыл мектеп ауласына 500 тонна қатты отын жеткізілген. Екі қазандықты тұтататын тамызық та бар. “Мектептің жылу жүйелері сығымдаудан өткізілді, енді қыста оқушыларды тоңдырмаймыз” деп сендірді мектеп басшылығы

Шымкент қаласында жалпы 363 бюджеттік мекеме бар, соның 296 — сы алдағы жылыту маусымына сақадай сай екен. Алайда қажетті қатты отынның тек 42 пайызы ғана жеткізілген. Десе де көмір тапшылығы жоқ дейді жауаптылар. Шаһардағы 6 қоймаға күн сайын 15 вагон көмір келіп жатыр, 33 мың тонна қор жиналыпты.

Нұрлан Күдерұлы