Ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр

575
Фото Turkystan.kz

Түркістан обысы Мақтарал ауданының полицейлері жергілікті базарлардың бірінен тәулік ішінде ұялы телефон ұрлығын ашты. Осылайша, ағымдағы жылдың 15 тамызда Мақтарал АІІБ-на жергілікті тұрғын арызданды, онда Жетісай қ. базарларында белгісіз тұлға кәмелетке толмаған қызынан ұялы телефонын ұрлап кеткендігін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Мақтарал АІІБ полицейлері тәулік ішінде ұрлықты ашып, күдіктіні ұстады. Ол Мақтарал ауданының тұрғыны болып шықты. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған азаматшаның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Ал, Түркістан қ. тәртіп сақшылары облыс орталығы тұрғынының сөмкесінен ұялы телефон ұрлығына күдіктіні ұстады. Осылайша, жәбірленуші Түркістан ҚІІД кезекші бөліміне арызданған, онда ағымдағы жылдың 7 тамызында белгісіз тұлғалар сөмкесінен ұялы телефон, алтын бұйымдар мен ақшасын ұрлап кеткендігі көрсетілген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 170 мың теңге соманы құрап отыр. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан ҚІІД полицейлері күдікті ретінде Ордабасы ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Түркістан ҚІІД полицейлері қалалық емханалардың бірінде жасалған тағы бір ұялы телефон ұрлығын ашты. Ағымдағы жылдың 12 тамызында полицияға жас келіншек арызданды, онда емханадағы жұмыс орнынан белгісіз тұлға «Самсунг» ұялы телефонын ұрлап кеткендігі көрсетілген. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан ҚІІД полицейлері күдікті ретінде Түркістан қ. тұрғынын ұстады. Ұялы телефон ұрлық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы