Әкімдік қабырғасы жарылған үй тұрғындарына көмектесуде

448
shymkent.gov.kz

Шымкент қаласындағы Қазанғап ақын көшесіндегі үйдегі 8 пəтердің төртеуіндегі қабырғада ені 10 см жарық пайда болған. Қазіргі таңға дейін бұл пəтерлерде 11 адам тұрып келген.

Жуырда апатты жағдайдағы үйді тиісті сала мамандары зерттеді. Тексерудің қорытындысы Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Н.Ергешбектің төрағалығымен өткен төтенше жағдай бойынша қалалық комиссияның шұғыл отырысында талқыланды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тұрғындарға уақытша баспана берілуде. Жарықтың пайда болуына соқтырған себеп пен кінәлі тұлға анықталған соң ол тұрғындарға кінәлі тұлғаның есебінен баспана сатып алып береді.