Әлеуметтік бағдарлама арқылы миллион теңгеге дейін ақша алып беруге көмектеспек болған

366

Сарыағаш ауданының тәртіп сақшылары алаяқтықтың бірнеше жайттарын ашты, олар құрбаны әлеуметтік бағдарламалар арқылы ақшасын алғысы келетін жергілікті тұрғындар болып шықты.

Сарыағаш АІІБ кезекші бөліміне екі жергілікті тұрғын арызданды. Арыздарында белгісіз бір танысы әлеуметтік бағдарламасы арқылы миллион теңгеге дейін ақша алып беруге көмектесемін деп, алаяқтық жолмен әрқайсысынан 30 мың теңгеден алды. Аталған жайт ҚР ҚК «алаяқтық» бабымен Сарыағаш АІІБ СДТБТ-не тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш АІІБ қызметкерлері күдікті ретінде Сарыағаш қ. тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ұсталған азаматтың алаяқтықтың 3 жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын сомасы шамамен 100 мың теңгені құрады. Қазіргі таңда алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәжірбиелер көрсеткендей алаяқтықтың көп жағдайында жәбірленушілердің өздері кінәлі, себебі танымайтын адамдармен қарым-қатынас кезінде оңай олжаға сеніп, сақтық шараларын ұмытып кетеді. Алаяқтықтың құрбанына айналмас үшін оңай олжа табуда күдікті қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға шектен тыс сенгіш бола бермеу керек.

Егер Сіз осындай қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз тез арада «102» телефон нөмірі арқылы полицияға хабар беріңіз.

Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы