Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы бірқатар жобалармен танысты

614
Фото Самат Мырзалиев

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығыи министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Ол алдымен Ордабасы ауданындағы «KazKioti» трактор зауытында болды. Оңтүстік Корея инженерлерінің үлгісі бойынша трактор құрастырылатын зауыттың өніміне сұраныс жоғары. Қазір осы кәсіпорыннан трактор алатын шаруаларға «ҚазАгроҚаржы» қаржылық компаниясы арқылы несие беру шаралары қолға алынуда.

Бұл зауыт толық күшіне енсе, жылына 6 мың трактор құрастыруға қауһарлы. Өмірзақ Шөкеев кәсіпорынның жұмысына оң баға беріп, қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілетінін жеткізді. Мұндай жобалар ел экономикасына пайдалы екеніне тоқталды. Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданындағы жылыжайлардың жұмысына да жоғары баға берді. Ведомство басшысына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ауыл шаруашылығы, соның ішінде жылыжай ісін жандандыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Одан кейін Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы Ақдала ауылдық округіне келіп, «Жаңа Ақдала» ЖШС-нің егістік алқабын аралап көрді. Бұл кәсіпорында тәулігіне жоғары сапалы томат және алма пастасы өндіріледі. 2700 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорын 2009 жылы құрылған. Қазіргі таңда «Жаңа Ақдала» ЖШС-інде 48 адам тұрақты жұмыс істейді. Ал, маусымдық кезеңдерде жұмысшылар саны 200-ге жетеді.

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысында ауыл шаруашылығына баса мән беріліп, елге пайдалы жобалар жүзеге асырылу керектігін айтты. Елбасы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытып, шетелге өнім сату міндеті жүктелгеніне тоқталды. Шаруалармен жүздесіп, мемлекет тарапынан бұл салаға қолдау жоғары екенін атап өтіп, облыс шаруаларының бастамаларына сәттілік тіледі.

ontustik.gov.kz