Өрт салдарынан кәсіпкерлер шығынға батты

Қазығұрт ауданында тағы да өрт. Бұл жолы жиналған астық қорын түгелімен өрт шалып, кәсіпкерлерді шығынға батырды. Қызыл алау Майлы Ошақ ауылында орын алды.

Мұнда жергілікті серіктестікке қарасты 1 қабатты бидай сақтайтын қойманың 900 ш.м төбе жаппасы жанған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір төтеншеліктер өрттің шығу себебің анықтауда.

Қасымхан Хамытбек