Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің жоғарғы қабатынан құлап кеткен әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды tvk.kz. Әйел 6 тамыз күні сағат таңғы 7- лер шамасында Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысында биіктіктен құлаған. 40-45 жас шамасындағы келіншек азиялық ұлттан екені анықталған.
Алдын ала деректер бойынша, ол үйдің 14-қабатынан құлаған. Қазіргі уақытта жағдайдың қалай және не себепті болғаны анықталу үстінде.