Тамыз айы аяқталмай жатып-ақ түркістандық шаруалар 2 мың тонна көкөніс, қарбыз, қауын жинап үлгерді. Әсіресе Сайрам, Сарыағаш, Келес, Шардара аудандарында көрсеткіш жоғары. Аталған аудандарда көкөністер, қарбыз қауын өсіруге машықтанған шаруа қожалықтары көп.
Рекордтық көрсеткішке өкірте үлес қосатын да осы аудандар. 2 мың тонна — бұл түркістандық шаруалардың көздеген межесі емес. Бау бақшаларда, егінжайлардан жиналған өнімнің бұл жартысы ғана. Күзге қарай әлі де 50 пайыздай өнім жиналмақ.
Жиын терімнің мол болуы тұрғындар үшін де қолайлы. Баға арзан болады. Ерте көктемде піскен өнімдерден өзге аймақтарға 310 тонна жөнелтілген болатын. Әсіресе мақтааралдың бренд өнімі – қауынға деген сұраныс жоғары.